Оқиға 2 маусымда Лисаковск қаласында болған. Бұл туралыоблыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Лисаков қаласында ғибадат үйі орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Бұл екі
қабатты ғимарат. Жалпы ауданы 600 шаршы
метр. Өрт сөндірушілер келген бойда 200
шаршы метр алаңда ғимараттың шатыры
жанған. Өрт 14.46-да оқшауланып, 15.12-де
жойылды. Қаза болғандар мен зардап
шеккендер жоқ", – деп хабарлады
баспасөз қызметі.
Өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 18 қызметкері мен 3 техника бірлігі, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құрылымының күштері мен құралдары жұмылдырылды.