Қостанайда газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды

18 желтоқсан, 15:00

Оқиға 15 желтоқсан күні Қостанайдағы Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Үйде тұрған газ баллонының жарылуы салдарынан 4 адам көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді. Ажал құшқандардың арасында бір жасқа толмаған сәби де бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кешкі сағат 21.00 шамасында аудандық ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың үшеуі балалар, денелерінің 40 пайызын күйік шалған. Қалған екеуі 22 және 34 жастағы ересек адамдар. Олардың денесінің 70 пайызын күйік шалған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. 17 желтоқсан күні олар санавиация арқылы елордаға жеткізілді.