Қостанайда полиция көлігінің капотына шығып суретке түскен екі жас жігіт қамалды

14 қазан, 18:00

Оқиға Рудный қаласында орын алған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 және 20 жастағы екі жас жігіт мас күйінде қоғамдық орында тұрған патрульдік полиция көлігінің капотына шығып, суретке түскен. Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен Рудный қаласының тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 7 тәулікке қамауға алынды.