Қостанайда трактор басып кеткен 24 жастағы қыз көз жұмды

28 ақпан, 12:00

Оқыс оқиға Қостанайдағы Сарыкөл ауданына қарасты Сарыкөл ауылында орын алды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жаяу жүргінші ұялы телефонның құлаққабын киіп, жол бойынан өтіп бара жатқан. Салдарынан "К-700" тракторының 54 жастағы жұргізушісі жас қызды байқамай қалып, басып кеткен. 24 жастағы бойжеткен ауыр дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.