​Қазақстан балалар туберкулезін анықтау үшін Манту екпесінен бас тартуы мүмкін

17 қаңтар, 13:48

Бұл жаңалықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді.

«Туберкулез екпесі көп жылдар бұрын ойлап табылған. Кей жағдайларда ол жалған нәтиже көрсетеді, себебі, аллергиялық бөлшекке негізделген», - деді Мәлік Әденов.

Оның айтуынша, Қазақстанда Манту екпесін қолдану біртіндеп тоқтатылай бастайды.
«Қазір Қазақстанда басқа екпе – диаскинтест енгізілуде. Ол Ресейде жасалған және аллергиялық бөлшектері жоқ», – дейді Мәлік Әденов.
Мәлік Әденовтың айтуынша, туберкулезге диагноз қою үшін, сонымен қатар, иммунды реакцияға негізделген квантиферонды тест те қолданылмақ. Бұл әдіс балалардағы дерттің нышаны білінбейтін кезден бастап анықтауға мүмкіндік береді. Квантиферонды тест сонымен қатар ересектерде туберкулездың өкпеден тыс түрін де анықтауға көмектеседі.
Әзірге Манту екпесін толық алмастырудың нақты мерзімі белгісіз, дегенмен, уақыт өте келе тері тесті еліміздің барлық өңірлерінде енгізілмек.
Дерек көзі: -ot-prob-mantu-dlya-diagnostiki-tuberkulyoza-u-detey-planiruyut-otkazatsya-v-kazahstane