18 ақпан, 12:52
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі тәрбие орталықтарындағы балғындар бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін оқып, білім алатынын нақтылады.
Енді мектептердегі дайындық сыныптары мен топтарға, балабақшаларға барып жүрген 7 жасар балалар бірінші сыныпқа алты жасар балалармен бірдей қабылданады.
«Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқу стандартына сай бірінші қыркүйек күні бірінші сыныптарға 6 және 7 жасар балалар қабылданады. Бес және алты жасар балалар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердегі дайындық сыныптарында оқып, тәрбие алады», - деп түсіндірді білім және ғылым министрлігінің өкілдері.
Мектепке дейінгі дайындық міндетті және білім беру туралы заңның 30-бабында жазылған.
Мектепке дейінгі тәрбие алушыларды шығаруды теріске шығаратын талап мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқу стандартының 16-тармағымен реттеледі. Онда балабақша тәрбиеленушісі білім, тәрбие, біліктілік және дағдылардың білім берудің осы деңгейіне сай көлемін меңгеруі тиіс деп анық көрсетілген.
Яғни, мектепке дейінгі тәрбие ұйымына қабылданған бала бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін ол ұйымнан шығарылмауы тиіс.