​Колледждерді енді жұмыс берушілер бағалайды

04 наурыз, 18:59

Қазақстанда 800-ден аса мемлекеттік және жекеменшік колледж бар, олардың жылдық бюджеті 100 млрд теңгеден асады. Онда 500 мыңға жуық студент оқиды. Енді ол оқу орындарындағы білімнің тиімділігі мен бағасын жұмыс берушілер береді. Тимур Құлыбаев колледждерге бағаны түлектерінің нақты жұмысқа орналасуы бойынша беруді ұсынды.

«Бұл үшін біз жұмыс берушілер тарапынан колледжердің рейтингін жасауды ұсынамыз, соның негізінде мемлекетт тапсырыс бөлінеді. «Атамекен» жоғарғы оқу орындарының осындай рейтингін былтырдан бері жүргізуде. Ұсынылып отырған рейтингтен бөлек бізге жұмыс берушілердің дуальды оқытуға белсенді араласуы үшін экономикалық талпысын жасауымыз керек», - деді «Атамекен» ҰКП Президиум төрағасы.

2018 жылы жүргізілген ЖОО рейтингі көрсеткендей, 130 ЖОО тек жартысының түлектерінің 60%-дан астамы жұмысқа орналасқан. Бұл рейтинг талапкерлер мен ата-аналардың ЖОО таңдауына, сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты бөлуге негізгі талап болуы тиіс.
«Президент «Атамекенге» білім және ғылым министрлігімен бірге 3 жылда колледжер мен ЖОО бітіруші 180 мың студентті кәсіпкерлік негізіне үйретуді тапсырды. Бүгінгі таңда біз Atameken Academy онлайн-платформасын жасадық, ол «Бастау бизнеспен» қоса біздің барлық үйрету жобаларымызды біріктірді. Осылайша бітіруші курс студенттерінде біздің бизнес-бапкерлерден кәсіпкерлік негізін өз оқу орындарында және қашықтықтан онлайн-платформа арқылы оқуға мүмкіндік бар. Оқудан соң студенттер өз бизнесін бастауға гранттар немесе микро-несие ала алады», - дейді Тимур Құлыбаев.
2018 жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізін елдің барлық аудандық орталықтарында 28 мың адам үйренді, олардың ішінде 19,5 адам бизнес-жобаларды қорғады. Олар оқуға қатысқандардың 60% құрайды. Бөлінген қаржыдан 8 мыңнан аз адам, яғни, 1/3 бөлігі өз жобаларын жүзеге асыруға шағын несиелер алған. Салық мәліметтеріне мониториг көрсеткендей, түлектердің 95%-ға жуығы салық төлеуде.