Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оңтүстік Корея Президентін Нұрсұлтан әуежайында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған делегация күтіп алды. Қазақстанның СІМ хабарлағандай, сапар аясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулер жоспарланған.
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысады.