Көлік апаты Чхонан қаласында орын алды.
Жеңіл көлік тізгіндеген Қазақстан азаматы жүк көлігімен соғысқан. Оның жүргізуші куәлігі болмаған және ол елде заңсыз жүргені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы азамат былтыр Кореяға турист ретінде келіп, сонда заңсыз қалып қойған. Қазір жас жігіт Чхонандағы ауруханада емделіп жатыр.
Жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстан азаматынан моральдық және материалдық шығын өндіріп алмақшы. Корея азаматы келтірілген шығынды 10 миллион вон - шамамен 8300 доллар деп бағалаған.