Оңтүстік Кореядан келген 100 адам карантинге жатқызылды

06 наурыз, 14:00

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Сеул-Алматы рейсімен Қазақстанға 197 адам келді. Оның ішінде, 97 жолаушы транзитпен келген (Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1).

Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген автобус Қырғыз Республикасына жолға шықты.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі.

Карантин кезінде (14 күн) карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді.

Еске сала кетейік, еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.