​Қардың еруі Алматы маңында қар көшуіне себеп болуы мүмкін

15 наурыз, 16:30

ТЖ департаментінің қызметкерлері Алматы маңындағы тауларда сел көшкіні болуы мүмкін деп ескертеді.

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейні маңында қар жабынының биік және тұрақсыз болуына байланысты (2200 м төмен биіктікте), яғни, Шымбұлақ, Медеу, Бутаковка шатқалының жоғарғы жағы, Құмбел су шатқалы (Алма-Арасан) маңында 14-18 наурыз күндері таудан көшкін жүруі мүмкін.

Тұрғындарға, бұған қоса, көшкін жүру қаупіне байланысты биік қар басқан шатқалдарға шықпау туралы ескертілді.