​«Ақ Жол» партиясы үш бірдей қаланың атауын ауыстыруды ұсынды

26 наурыз, 10:00

«Ақ Жол» партиясының өкілдері Қазақстандағы тағы үш қаланың атауын ауыстыруды ұсынды. Партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Семей, Павлодар және Петропавл қалаларына қазақтың әйгілі тұлғаларының есімдерін беру керек. Мысалы, Петропавлға қазақтың ұлы ханы Абылайдың, Павлодарға тәуелсіздік үшін күрескен Кенесары ханның, ал Семей қаласына Әлихан Бөкейхановтың есімдерін беру керек дейді партия өкілі.

Қазыбек Иса өз ұсынысын Астананың атын өзгерту қатысты өткен «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының отырысында айтты.
Айта кетейік, Қазыбек Иса Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешімді белсене қолдады. Ал Қазақстанның үш қаласының атын өзгерту туралы ұсыныс өзінің жеке ұсынысы екенін айтты.