28 наурыз, 13:39
Қайғылы жағдай 16 наурыздан 17-не қараған түні болған.
Кардиоорталықта 62 жастағы кісінің өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы «Отырар» телеарнасының журналистеріне кардиоорталыққа келген шұғыл топтың мүшелері хабарлады.
Анық болғаны, 62 жастағы науқас үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Дегенмен, медициналық ұйымның өкілдері өзіне-өзі қол жұмсау фактісін теріске шығарып отыр.
Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның тыйым салғанын айтып, мәлімет беруден бас тартты.
Автор:
Elitar.kz