Жалақысын ала алмай жүрген жұмысшы мекеме басшылығына барып, ақысын бермей отырғандардың көзінше тамырына кескен.
Еңбек басқармасындағылардың берген мәліметінше, олар азаматқа келісімшарт жасасқан адамды сотқа беру туралы кеңес айтқан. Себебі ол еңбек қатынастары емес, тек мердігерлік шартпен жұмыс істеген. Жұмыс көлеміне қарай жалақы алады. Сондықтан жұмысшы басшылық қанша ақша төлемей отырғанын нақты білмейді.
Ер адам Павлодарда көпқабатты үйде әрлеуші болып жұмыс істеген. Оның айтуынша, ол 2019 жылы маусым айында 5 подъезді кафельмен жабыстырған, бірақ оған әлі ақша төлемеген. Оның болжамынша, жұмыс беруші 200 мың теңге жалақы беруі керек. Сондықтан ол тамырын кесу арқылы өзне назар аударып, жалақысын алуды көздепті.
Оқиға орнынан дереу жеткен жедел жәрдем қызметі ер кісіні ауруханаға жеткізді.
Кімнің кімге қанша қарыз екенін сот анықтайды.