Күдіктіні көзі Павлодарда Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде автокөлік құрал-жабдықтарына түскен.
25 жастағы қыз сөредегі тауарларды қарап, сатып алушының кейпін жасай отырып "Neoline" маркалы бейне-тіркеуішті ұрлап кеткен.
Бірнеше күннен кейін осы сауда орталығында осыған ұқсас әдіспен күдікті "Neoline X Cop 9100" маркалы бейне-тіркеуішін ұрлаған.
Олжалы болу оңай десе керек, бойжеткен бір аптадан кейін тағы да сол сауда үйінен "Starlinе А93 ECO"автокөлігінің дабылын қолды етіп кеткен.
"Павлодар қалалық ПБ Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап ұстады.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат қамауға алынды. Тергеу жалғасуда",-деді облыстық полиция департаментіндегілер.