Әлеуметтік желілерде "Еуразиялық банк" ғимараттарының біріндегі банкоматтың жарылған сәтінің видеосы тарап кетті. Онда белгісіз ер кісі бірнеше минут бойы жару әрекетіне дайындалып, белгісіз заттардың көмегімен банкоматты жарып жібергенін көруге болады. Оның іс-әрекеті банктің бақылау камерасына түсіп қалған, алайда жарылыстан соң түсірілім тоқтаған.
Оқиға кеше Павлодарда түнгі уақытта орын алған. Ақсу қалалық полиция бөлімінің кезекші қызметіне түнгі сағат 22.30-дар шамасында банк күзетшісінен хабарлама келіп түскен. Зардап шеккендер жоқ. Қазргі таңда бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.