​Павлодарда дәрігер мен басқарма қызметкерінің төбелесіне қатысты сот үкімі шықты

13 желтоқсан, 09:22

Бұл оқиға қараша айында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимаратында орын алған. Жиналыстан шыққан жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен басқарма қызметкері әлденеге келіспей, төбелесіп қалған болатын, деп хабарлайды Elitar.kz.

Сот шешемімен денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Шахмаданов ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабының 1-тармағы, яғни, «Ұрып-соғу» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10АЕК (24 050 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сот отырысы кезінде белгілі болғаны, бұл төбелес басқарма қызметкері тарапынан шыққан. Ол анасымен бірге жедел жәрдем ауруханасына барғанда ондағылар дауыс көтеріпті. Көп уақыт өтпей жедел жәрдем қызметкері басқарма қызметкерінен кешірім сұраған. Бірақ оған бас дәрігердің өзі келіп кешірім сұрамағанын ұнамайды да жиналыстан соң ақ халаттыны алып қалып, мәселені шешпек болады. Артынша төбелес орын алып, басқарма қызметкерінің миы шайқалса, бас дәрігердің көзілдірігі сынып, көзіне шұғыл ота жасалды.