Павлодарда көлік қаққан 46 жастағы ер кісі мерт болды

30 қыркүйек, 10:30

Облыстық полиция департаментінің берген мәліметінше, 1973 жылы дүниеге келген ер кісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған.

«28 қыркүйек күні Павлодар қаласында сағат кешкі 20.35 шамасында 19-шы автожолда 57 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2107» көлігімен жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 1973 жылғы азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам көз жұмды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік айыппұл алаңына жеткізілды" делінген ведомство хабарламасында.