Павлодарда жасөспірім қыз мас күйде әжетханаға құлап кетті

27 тамыз, 17:13

Бұл туралы өңірлік полиция дептартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

2004 және 2003 жылғы кәмелет жасына толмаған қыздар Шахтер саябағында серуендеп жүріп әжетханаға барған. Әжетханада көзілдірігін түсіріп алған қыз, оны аламын деп өзі де әжетханаға құлап кеткен.

Оқиға орнына қыздардың ата-аналары шақырылған. Оқушы қыз мамандар көмегімен құтқарылды. Сараптама нәтижелері жасөспірімдердің мас күйде болғанын көрсеткен.
"Аталған оқиға бойынша қыздардың ата-атаналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олар ҚР ӘҚК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен бірге кәмелет жасына толмаған жасөспірімге спирттік сусын сатқан дүкен иесі де жауапкершілікке тартылатын болады" делінген ведомство хабарламасында.