Павлодарда қоғамдық автобус өртенді

07 қараша, 13:13

Төтенше жағдай Павлодардағы Қамзин көшесіндегі Диспетчерская автобус аялдамасының жанында болған, деп хабарлайды Elitar.kz.

ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, № 2 бағыттағы қалалық жолаушылар көлігінің мотор бөлігінде электр сымдары тұтанған. Яғни, автобустың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші жалынды ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерген. Ішінде болған ересек 7 адам өздігінен сыртқа шыққан. Оқиға орнында № 3 өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен екі автоцистерна жұмыс істеді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда" делінген ведомсто мәліметінде.