Павлодарда полицей асулы үйінде табылды

20 қыркүйек, 11:45

Павлодарлық полицей асылып қалған күйі табылды. Бейресми ақпаратқа қарағанда ол өз үйінде асылып қалған. Қазіргі таңда тәртіп сақшысының бұл қадамына не түрткі болғаны анықталуда. Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеруді бастап кетті. Нақты ақпарат қосымша хабарланбақ. Белгілісі, ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан полицей желтоқсанда 35 жасқа толар еді.