Павлодарда полиция департаментінде еңбек ететін 20 ұлт өкілі флешмоб өткізді (ВИДЕО)

30 сәуір, 18:35

​Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Павлодар облысы полиция департаментінің 20 ұлт өкілі флешмоб өткізді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Флешмоб видеосы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында жария етілді.

"Павлодар облысы полиция департаментінде 20 ұлттың өкілдері қызмет етуде. Қазақстан атты үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, белорустар, немістер, корейлер, шешендер, ингуштар, осетины, армяндар, башқұрттар, татарлар, әзірбайжандықтар, поляктар, мордвины, грузиндер және тағы басқалар кіреді. Әр халықтың өзіндік өзгешелігі бар, дегенмен Қазақстан аумағында олар – тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық.
Павлодарлық полицейлер өз ана тілдерінде Отаны – Қазақстан Республикасына, қазақстан халқына өз сезімдерін білдірді" делінген жазбада.