Павлодарда жиналыстан шыққан дәрігерлер төбелесіп қалды

14 қараша, 22:33

Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Бірінің миы шайқалса, екіншісі қабағын тіктірді.

Өзара сөзге келіп қалған дәрігерлер денсаулық сақтау басқармасы ғимаратында жаға жыртысқан. Оның бірі - қалалық ауруханалардың бірінде бас дәрігер. Ал екіншісі басқармадағы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, деп хабарлайды Elitar.kz.

Басқармада өткен жиналыстан шыққан дәрігер мен басқарма қызметкері алдымен жеке тұрып сөйлесіпті. Кейін арада кикілжің туындап, бір-біріне күш қолдануға дейін барған. Төбелес кезінде бірінің миы шайқалса, екіншісінің қабағы жыртылған. Екеуі де әріптестерінің көмегіне жүгінген.

Эмоциясын сыртқа шығарып, жұдырық ала жүгіргендер бір-біріне кінә артпаймыз деп отыр. Полицейлерге де шағым түспеген. Дегенмен Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, енді екі қызметкер де жазаға тартылмақ.

ФОТО: www.medikforum.ru