Оқиға кеше күндізгі уақытта тұрғын үйге қарсы беттегі жолда орын алған. ЗИЛ автокөлігін 63 жастағы ер кісі тізгіндеген. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп жатқан 43 жастағы әйел зардап шекті. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметімен әйел азаматы ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай дәрігерлер жаяу жүргіншіні аман алып қала алмады.
Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға бойынша тергеу басталып, авткокөлік тұраққа қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.