Павлодарлық 13 жастағы оқушы сүйгенінен жүкті болып қалды

29 шілде, 11:03

Қызының жүктілігі жайлы полицияға анасы хабарлаған.

Ол қызының жүктілігін медициналық тексеруден кейін білген. Оның айтуынша, 16 жастағы бозбала қызымен жыныстық қатынасқа түскен.

Қыз болса жігітті ұнатқандықтан, қызығушылық үшін жыныстық қатынасқа түскендерін мәлімдеді.

13 жастағы мектеп оқушысының жүктілігін Павлодар полициясы тексеріп жатыр. Жас жігітке қатысты тергеу басталды.