Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегіне әйкес, әйел азаматы сауда үйіндегі дүңгіршектердің біріне келіп, ешкім байқамаған сәтті пайдаланып жейдені қолды еткен. Оңай олжасын ұяшыққа салып дүңгіршектен шығып кеткен келіншек бір сағаттан соң қайта келіп күртешені ұрлайды. Алайда ұрлық жасаған күдікті ұзаққа кете алмаған. Оны сауда орталығының қызметкерлері дереу ұстады. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, ұрлық жасады деп күдікке ілінген әйел ешбір жерде жұмыс істемейтін болып шықты.