Павлодарлық зейнеткер фирманың көлігін не үшін айдап кеткенін түсіндірді

17 қазан, 10:00

Бұл оқиға 1​​5 қазан күні Павлодар облысы, Шарбақты ауданында орын алды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер астаналық фирмаға тиесілі "Газель" маркалы автокөлігін айдап кеткен. Тұрғынының айтуынша, бұл фирма қызының үйін жалға алғаны үшін төлем ақысын бермеген. Амалы таусылған қария сол себептен көлікті айдап кетіпті.

"Нұр-Сұлтан қаласының фирма өкілдері қарызды жоққа шығарып, үйді жалға алу үшін уақытында және мерзімде төлегенін атап өтті. Тиісті құжаттарымен растай алатының айтты. Осының бәрін полиция қызметкерлері анықтайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық жағдайлары мен себептері анықталады",-деді полиция департаментіндегілер.