Тыныш жүрген тоқ жүрер! Егер Пермь өлкесіндегі Прудок ауылының тұрғыны осы мақалды жадында ұстап жүрсе, 5000 рубль айыппұл арқаламас еді.
Көрші ауылға ауруханаға баруға мәжбүр болған зейнеткер Василий Ярков шұрқ-тесік болған жолды ретке келтірмек болады. Қария ол тесіктерді ағаш тақтайлармен жауып шықты.
Дербес
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу оның
көршісі Василий Ярковқа ұнаған жоқ. Ер
адам тақтайлар үйіме қауіп төндіреді
деген шешімге келді. Ол ағаш төсемдер
жанып кетсе үйім зардап шегеді деп
көршісін айыптады.
Зейнеткер тек ұрыс-керіспен шектелген жоқ. ГИБДД қызметкерін шақырып, қызметкерлер хаттама жасап, Василий Ярковқа 5 мың рубль айыппұл салды. Ярков, оңай шағылар жаңғақ емес, ол бұл шешіммен келіспей,әділ сотқа жүгінбек.