Сайлау күні автобустарда жүру тұрғындарға қиындық туғызды

10 маусым, 13:30

Шымкентте сайлау күні автобустар мен маршруттар тегін жұмыс істеді. Қала тарихында мұндай бұрын соңды болған жоқ. Осындай бастаманың арқасында қалада автокөлік тығыны да байқалмады.

Бірақ, тұрғындар біздің редакцияға №27 автобустың фотосуретін жіберді. Онда жол ақыға ақша сұрау фактісі орын алған.