1 ақпаннан бастап қазақстандық сайттардың бірқатарының жұмысы уақытша тоқтайды, деп жазады Zakon.kz habr.com сайтына сілтеме жасай отырып.
1 ақпан күні DNS Flag Day орнайды, одан кейін сіздің сайтыңызды интернет қолданушылары таба алмауы мүмкін. EDNS стандартына сай келмейтін серверлер көрінбей, оларға кіру мүмкін болмайды. DNS жұмысына жауап беретін Bind, Knot Resolver, PowerDNS и Unbound сияқты танымал бағдарламаларға өзгерістер енгізіліп, олар тек EDNS стандартына сай келетін трафикті ғана қабылдайтын болады. Ескі және жаңартылмаған серверлердің трафиктері қаралмай, бұл серверлерге қызмет көрсетілмейді, соның салдарынан осы серверлерде тұрған домендер қолжетімсіз болуы мүмкін.
Кибершабуылдарды зерделеу және тексеру орталығы kz домен аумақтарына анализ жасап, жұмысы бұзылу тәуекелі бар жүйелік серверлердің домендерін анықтады.
Зерделеу нәтижесінде анық болғаны, Қазақстандағы 130 мың сайттың ішінен 31 қаңтар күні түн ортасы ауғанда он мыңға жуық сайт күрделі проблемаға тап болады: 3610 сайт «қызыл статус» алады (қызметі бұзылады), 6854 сайттың жұмысында күрделіліктер туындайды. Зерттеу жұмыстарына біздің «WebTotem» шешіміне модуль ретінде қосылған Internet System Consortium ресми құрылғысы қолданылды.
Бұған дейін қазақстандық ақпарат порталдарында осы қауіп туралы жалпы ұсыныстары бар ақпарат пайда болған. Дегенмен, ондай әдіс дұрыс емес. Зерттеудің нәтижесі – баршаға арналған ұсыныс емес, Қазақстандағы жұмысы бұзылуы мүмкін веб-ресурстардың нақты тізімі.
Проблемалы сайттардың тізімі байланыс операторлары және тіркеушілермен бірлесе жұмыс істеу үшін Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрлігіне және ҰҚК жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» РММ-не жіберіледі. Жаңартылмаған DNS-серверді қолданатын домен атауларының тізімі бар файл кибершабуылдарды зерделеу және тексеру орталығының телеграм-каналында бар.
Мысалы, бұл тізімге қаржы министрлігінің сайты (minfin.gov.kz) еніп отыр. Ол сайт 3 DNS-серверді қолданады, соның екеуі қазіргі таңда жаңартылмаған және өшірілуі мүмкін.
Маңызды жайт, Қазақстандағы вэб-ресурстардың көпшілігі үшін DNS Flag Day елеусіз өтіп кетеді. Күрделіліктер бағдарламалық қамтамасыз етуі жаңартылмаған DNS-сервер өздігінен қолданылатын ұйымдарда туындауы мүмкін.