Петропавлда полицей қызметкері жалға алған пәтерде өз-өзіне қол салды

19 ақпан, 09:57

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Аққайың аудандық полиция бөлімінің 29 жастағы қызметкері облыс орталығы Петропавлдағы пәтерлердің бірін жалға алған. Пәтер ішінде асулы күйде табылды. Кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспектордың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ішкі тексеруді бастады. Аталған жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.