Петропавл маңындағы ормандардың бірінен талға асылған ер адамның мәйіті табылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбыға баратын айналма тас жолдың бойындағы ормандардың бірінде ағашқа асулы тұрған ер адамның мәйітін 13 қазанда саңырауқұлақ теруге келгендер көрген. Олар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.
"Оқиға орнына шұғыл келген жедел-тергеу тобы ер адамның 1994 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны екенін анықтады. Сол маңнан ер адамның құжаттары, ақша және банк картасы табылды.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды" делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетерлігі, бұл азамат осы күнге дейін із-түссіз жоғалғандар тізімінде болған.