Петропавлдың орталығында бизнесменге оқ атылды

28 тамыз, 17:00

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жергілікті кәсіпкерге оқ атқан екі ер адамды іздестіруде.

Петропавлдың орталығында 35 жасар жәбірленуші таңғы сағат 4-те үйіне оралған уақытта қылмыс жасалған. Қарақшылық шабуыл жасағандардың саны бейне бақылау камераларындағы жазбаларға сәйкес анықталды, деп хабарлайды ktk.kz.

Полицияны атыс даусын естіген көршілері шақырған. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр, бірақ тұрақты деп бағалайды.
Полиция қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады.