Ресейлік әнші МакSим тағы да ауруханаға түсті

03 ақпан, 13:03

​36 жастағы әнші МакЅим орташа ауырлық жағдайында ауруханаға қайта жатқызылды. Айта кетейік, өткен жылдың сәуір айында әнші апатқа ұшырап, салдарынан денсаулығы қайта-қайта сыр беріп жүр.

Соңғы езде өнер иесі бас ауруы мен ұйқысыздыққа жиі шағымданған.

Көмекшісінің айтуынша, оның қан тамыр жүйелерінде проблемалар бар. Апат кезінде Максимнің аяғы мен омыртқасына қатты зақып келген.
Бұған дейін әншінің менеджері желі парақшасында оқырмандарына апаттан соң өнер жұлдызының денсаулығы жиі сыр беріп жүргенін, салдарынан белгісіз мерзімге демалысқа кеткенін жазды.
Белгілі болғандай, көлік апаты жолдың тайғақ болу салдарынан орын алған. Әртіс бұл кезде шетелде болып, Мәскеуге ұшатын рейске асығып келе жатып өнер иесі отырған көлік апатқа ұшыраған.