Қазақстанда 2019 жылдың 25 шілдесінен 3 тамызына дейін ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтініштер желілік жоғары оқу орындарында қабылданады делінген. Ақылы ҰБТ құны — 2 242 теңге немесе алты доллар. Ол 17-20 тамыз аралығында өтеді.
Қазақстанда 11 (12) сынып
түлектері ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға
мүмкіндігі бар, оның үшеуі ақылы
негізде.
15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін
(ақылы) — өтініштер 1 желтоқсаннан 15
желтоқсанға дейін беріледі;
24 наурыздан 29 наурызға дейін (ақылы) — өтініштер 1 ақпаннан 15 ақпанға дейін беріледі;
20 маусымнан 5 шілдеге дейін (тегін) — өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін беріледі;
17 тамыздан 20 тамызға дейін
(ақылы) — өтініштер 25 шілдеден 3 тамызға
дейін беріледі.
Қаңтар, наурыз және
тамыз айларында тест тапсырмаларын
табысты орындаған оқушылар жоғары оқу
орындарына ақылы негізде түсе алады.
Маусым-шілде айларында тестілеуден
сәтті өту мемлекеттік білім грантына
үміткер болуға мүмкіндік береді.
2019
жылы ҰБТ-ны 110 мыңнан астам адам тапсырды,
олардың 82 мыңнан астамы 50 балдан асты.