Арыс қаласының маңында инкассатор машинасына шабуыл жасалды. 7 маусымда сағат 18.15 шамасында екі инкассатор жоғалып кетті, деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті. Қызметкерлердің қызметтік автокөлігінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаражат болған.
"Оқиға орнына Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шықты. Инкассаторлар кенттердің біріне қарай шығып кеткенін, алайда белгісіз себептермен байланысқа шықпағанын анықтады. Полиция қызметкерлері олардың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, соның ішінде ауданнан келген барлық кіру және шығу жолдарын, көшелер мен қиылыстарда орнатылған бейнебақылау камераларын тексеріп, оқиғаның куәгерлерінен сұрастыру жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.
Іздеу
жұмысының нәтижесінде Арыс қаласынан
5 км жерде автокөлік табылды. Ал оқ тиіп
өлген инкассаторлардың мәйіттері аудан
орталығынан 35 км жерде табылған.
Күдікті
9 маусымда ұсталды. Облыстық полиция
департаментінің бастығы генерал-майор
Қайрат Дәлбеков ұсталған азаматтың
демалыста жүрген пошта қызметкері
болғанын хабарлады.
Инкассатордың
қаза тапқан қызметкерлері Задария және
Монтайтас ауылдарында болып, содан
кейін поштамен Қожатоғай ауылына шыққан,
12 сағаттан кейін олармен байланыс
үзілді.
Пошта қызметкерінің өліміне
қатысты күдіктіден аңшы мылтығы мен
ұрланған ақша тәркіленді. Ер адамның
айтуынша, ол демалыста болып, әріптестерінен
өзін жеткізіп салуын сұраған. Содан
кейін, автокөлікте отырған кезде
әріптестеріне оқ атып, ақшаны алып бой
тасалаған.
Қызметкер
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "адам
өлтіру" және 192-бабы "қарақшылық"
бойынша қылмыс жасады деген күдікпен
ұсталды.