Түркістандық екі тұрғын жерлестерінің үйін тонап, сан соқтырып келген

30 қазан, 11:00

Түркістандық полицейлер тұрғын үйлерге бірнеше рет ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті бірнеше тұрғын арызданып, үйлеріне белгісіз азаматтар терезе арқылы кіріп, ұрлыққа түсіп, бағалы заттарын жымқырғанын көрсеткен. Соның ішіндегі бір тұрғынның үйіне түнгі уақытта кіріп, үстел үстінде тұрған құны 200 000 теңге тұратын ноутбугын ұрлап кетсе, келесі тұрғындардан теледидар, қымбат бағалы тондар, сырт киімдерді жымқырып отырған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 1 миллионнан астам теңгені құрады.

"Аталған жайттар Түркістан ҚПБ-мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Тұрғын үйге ұрлыққа түсушілерді анықтау, қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі де білікті полицейлерден арнайы топ құрылды, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктілердің екеуі де жұмыссыз жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар құрықталды және өз кінәларын толық мойындап отыр. Ұрланған заттар айғақты зат ретінде алынып, заңды иелеріне қайтарылды" делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қыз

Анықталғаны, күдіктілердің екеуі де бұрын сотты болған. Бірі ұрлық жасап, екіншісі қарақшылық жасаған.

Қазіргі таңда күдіктілердің 3 дерекке қатыстылығы анықталып отыр. Және бұдан басқа да істерге қатыстылығы тексерілуде. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.