Сәрсенбі, 13 мамыр күні жауын-шашынның мол болуына байланысты Бадам өзенінің жағалауын шайып, үйлер мен аулаларды су басты. Облыста барлығы 18 мм жауын-шашын түсті.
Еңбекші ауданындағы Елтай елдімекенінде 38 тұрғын үй мен шаруашылық құрылыс нысаны бар 60 аулалық учаскелеріне зақым келген. Су 18.35-23.30 аралығында келген.
Су басу аймағынан 300 адам эвакуацияланды, оның 124-і бала және 294 ересек туысқандарына орналастырылды, 6 тұрғын Маятас елдімекеніндегі №119 мектептегі эвакуациялық пунктте түнеді (қазіргі уақытта көшірілгендердің барлығы туысқандарының үйіне жеткізілді). Сонымен қатар 4 қосалқы эвакуациялық пункт дайындалды.
14 мамыр күні сағат 01.14-де Еңбекші ауданы Гаухар тас көшесіндегі тірек-аудармалы құрылыста Бадам өзенінің сол жақ жағасы жарылып, опырылып құлады.
"Саларынан 2 тұрғын үйдің құлау қаупі туындады (үйлерге дейінгі қашықтық 7-8 метр). ТЖД күшімен №84 орта мектептегі эвакуациялық пунктке алдын ала 31 тұрғын (оның ішінде 17 бала) жайғастырылды. Бірақ кейінірек олардың туыстарының үйіне кетті. Тіреуіш-аудармалы құрылысты бұзу немесе инертті материалмен жабу мәселесі шешілуде. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті (16 қызметкер 5 бірлік техника) мен жергілікті атқарушы билік (12 қызметкер мен 9 бірлік техника) қызметкерлері жұмылдырылды", - деп хабарлады құтқарушылар.
Осы күні таңертең сағат 11-45-тен 14-00-ге дейін Еңбекші ауданы, Абдулабад ауылында (4 мм жауын-шашын түскен) шаруашылық құрылыстарымен 3 аула учаскесін су басты. ТЖД және жергілікті атқарушы билік қызметкерлері 600 текше метр суды тартып шығарды. Оған ТЖД (12 қызметкер, 3 бірлік техника және 2 мотопомпа) мен жергілікті атқарушы мекеменің (7 қызметкер және 7 бірлік техника) қызметкерлері жұмылдырылған.
Саяжай көшесінде өзен жағасының шайылуына байланысты 3 тұрғын үйдің құлау қаупі туындады. Бірақ ондағы барлық 13 тұрғын (оның ішінде 6 бала) эвакуациядан бас тартты.
"Бұл аумаққа Төтенше жағдайлар департаментінің (7 қызметкер мен 1 бірлік техника), Полиция департаментінің (2 қызметкер мен 1 бірлік техника), су саласы мекемесінің (2 қызметкер мен 1 бірлік техника) өкілдері жұмылдырылды. Барлығы 331 адам эвакуацияланды, оның 141-і бала. 13-14 мамыр аралығында сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің (133 қызметкер, 10 бірлік техника және 19 мотопомпа), жергілікті атқарушы биліктің (53 қызметкер және 38 бірлік техника), ҚР ҰҚ 6506 әскери бөлімінің (100 әскери қызмет және 4 бірлік техника) қызметкерлері жұмылдырылды", - деп нақтылады ведомстводағылар.