Тянь-Шаньдағы қар көшкінінен альпинисттерді іздеу қиынға соғуда

19 тамыз, 18:15

Алматы альпинистерін құтқару операциясы ауа-райы қолайсыздығынан күрделене түсті.

ҚР СІМ хабарлағандай , кеше туркомпанияның тікұшағы бірнеше рет альпинистер жоғалып кеткен жерден ұшып кетті. Бірақ, қар көшкіні салдарынан бұл аудан толығымен қармен жабылған. Жағдайға Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді.

"Қырғызстан тауларында құтқару операциясы жалғасуда. ҚР Қорғаныс министрлігінің үш әскери альпинистерін Хан-Тәңірі шыңынан төмен орналасқан "Қарқара" базалық лагеріне жеткізеді. Осы жерден олар "Қазавиақұтқару" МИ-703 (171) тікұшағымен Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Қаракөл қаласындағы "Кеген" шекара өткелі арқылы ұшып шығады. Іздестіру жасағы жоғалған альпинистер тіркелген "AK-SAI TRAVEL" туристік компаниясының лагеріне барады", - деп жазды әкім инстаграмдағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаев құтқарушылар қажетті жабдықтармен жабдықталғанын айтты. Топ жетекшісі Мақсұт Жұмаев.