14 наурыз, 16:26
«Қазгидромет» елдің солтүстігі, батысы мен шығысы әлі де тұман, жел және суық ауа райының құрсауында болады.
Нақты айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін күшейіп, бұрқасын мен көктайғақ орнауы мүмкін.
Мұндай жел Қостанай облысында да тұрып, Ақтөбе облысында екпіні секундына 15 метрге жететін жел тұрады.
Алматыда күн ашық, жауын-шашын жоқ, күндіз сынап бағанасы +14 градусқа дейін жылиды. Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ, күндіз +1 жылы болады.
Есесіне Шымкентте +20, бұлт жоқ, ал мегаполистің кейбір тұрғындары футболкаларымен жүр.