Полиция Астанаға мінген тәртіп бұзушыны іздестіруді бастады

29 шілде, 16:32

Жануар оны тамақтандыруға келетін адамдарға үйренген. Сондықтан да қоршауға тез жақындаған. Ал ер адам болса осы сәтті пайдаланып, оның үстіне өрмелеп шығып алған.

"28.07.2019 жылы Шымкент хайуанаттар бағының әкімшілігі Шымкент қаласы ІІД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 27 шілдеде келушілердің бірі хайуанаттар бағының аумағында тәртіп ережесін бұзғанын айтқан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін келушінің жеке басын анықтауда", - деп хабарлады полициядан

Тәртіп бұзушыға қандай жаза төніп тұратыны әзірге нақтыланбады.