​Саясаттанушы Ербол Еділов елдегі саяси жағдайға қатысты пікір білдірді

25 ақпан, 10:00

«Нұр Отан» партиясының съезді қарсаңында Ербол Еділов елдегі саяси жағдай туралы өз пікірін білдірді.

Ербол Еділов Үкіметтен кейін парламенттің отставкасы мен сайлауға қатысты пікірін өзінің телеграмм-парақшасында жариялап отыр. Сарапшы әрі блогердің пікірінше, жақын күндері Қазақстанда сайлау транзиті болмайды, жаңа парламентті күтуге негіз жоқ.
«Ешқандай транзит пен сайлау болмайтын сияқты. Президент Н.Назарбаев, байқауымша, өзі басқара беруді шешкендей және бұл дұрыс та. Қазір Елбасы өзін жақсы сезініп жүр. Ауқымды стратегиялық жоспарлар байқалады. Бұл туралы өзі де айтты. Қазір Н.Назарбаевтың отставкаға кетуінің қажеті жоқ. Ол елімізге аса қажет болып тұр», - деп жазады Ербол Еділов.
Дерек көзі: politolog-erbol-edilov-vyskazal-svoe-mnenie-o-politicheskoy-situacii-v-strane