"Полицей деп айтуға аузым бармайды": Алматыда әккі ұрылар Мәжіліс депутатын тонап кетті

27 қаңтар, 14:48

"Жақында мені Алматы орталығында тонап кетті. Машинамның терезесін шағып, ішіндегі сөмкемді алып кеткен. Әрине, онда құнды дүниелер болмады. Құжаттарымды әрдайым шағын ғана қол сөмкеме салып, өзіммен бірге алып жүремін. Қатты шығындалмасам да көңілім құлазыды. Полиция шақырғым келмеген, себебі олар ұрыны табады дегенге сенбеймін. Дегенмен қасымдағы адамдар полиция шақыру керектігін айтты. Тәртіп сақшылары тез келді. Бірақ олардың келе салып "Несіне уайымдайсыз? Ұрылар қашан да болған, әлі де бола береді. Не дейсіз енді?" деп айтқан сөздері жағамды ұстатты" деп жазды Мәжіліс депутаты өзінің Facebook парақшасында.

Халық қалаулысы сол сәтте полиция қызметкеріне иықтарындағы шенін шешіп, тастап кетуді ұсынған.

"Оған "погонның" қажеті жоқ. Бізге де мұндай қызметші керек емес. Шыны керек, мен оны полицей немесе аға лейтенант деп айтуға сөзім бармайды" деген депутат полицейлер тарапынан ұрыны іздестіру шараларының қалай жүріп жатқаны туралы ешбір хабардың жоқтығына ашынды.

"Оқиғаның орын алғанына үш апта өтті. Арызымды жаздым. Бірақ бұл аралықта маған ешбірі хабарласпады. Әрине, күтудің де қажеті жоқ секілді. Себебі қылмыспен күресуші полицейлердің өздерінің айтуынша мұндай қылмыс болған және бола да береді. Бәлкім олардың өздері қылмыскер шығар?" деп толықтырды Ирина Смирнова.

Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық істің тіркелгенін айтты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған.