Түркістан облысының полицейлері анасын іздеп Нұр-Сұлтанға қашып кеткен 16 жастағы жасөспірімді тауып, әкесіне қайтарды, деп хабарлайды Elitar.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Полицейлердің анықтауынша, баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын ажырасқан. Жасөспірімнің Нұрсұлтанға анасын іздеп кетуі мүмкін деген күдіктен соң, анасымен телефон арқылы сөйлескен тәртіп сақшылары, баланың бас қалада екендігіне көз жеткізеді. Алайда жоғалған жасөспірім анасына баратындығы жайында әкесіне ескертпеген.
Мақтарал АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жасөспірімнің жүрген жері анықталып, әкесіне аман-сау қайтарылды.