Полицейлер ашыққан аққуды өлімнен құтқарды

30 мамыр, 11:00

Ақтаудағы 7-шағынаудан жағалауынан полицейлер қалжыраған аққуды байқап, құтқаруға асыққан.

"Біз полицейлердің жұмысы туралы сюжет жасап жатқанбыз. Кенет аққуды байқадық. Ол жағаға өте жақын жүзді. Аш және әлсіз еді. Біздің құсқа жанымыз ашыды. Бірден дүкенге бардық, балық сатып алып тамақтандырдық. Аққу расында аш екен. Тәртіп сақшылары оны қаскөйлерден қорғау үшін Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясындағы әріптестеріне хабарласты", - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатулаева.