Полицейлер әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

16 қыркүйек, 16:30

Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін таңғы уақытта "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың өзінің туған жері Қарқаралыда қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өнер иесі өз-өзіне қол салуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін әнші Жанар Хамитова отандық "Астарлық ақиқат" бағдарламасына қонақ болып келіп, өзінің қиын тағдыры туралы айтқан болатын. Өз сөзінде 30 жастағы Хамитова бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болғанын да мәлімдеді.