Түркістан облысы, Келес ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында оның жасы кәмелетке толмаған, 2006 жылы дүниеге келген ұлы, 7 сынып оқушысы Мухамедин Дияр Ерболұлы хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін көрсеткен.
Оқушы 21.10.2019 жылы сағат 13:00 шамасында Мақтарал ауданы, Атакент қаласында белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.
Кәмелетке толмаған баланың белгілері: бойы 160-165 см, шашы қара. Көзі қара, денелі арық. Сұр суреті бар қара түсті спорттық киім, қара шалбар мен қара туфли киген.
Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған Мухамеди Дияр Ерболұлы туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлер мен облыс тұрғындарын 8-725-32-3-03-68, 8-725-32-3-06-59 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.