ШҚО полицейлері көпірден секірмек болған жас жігітті аман алып қалды

08 қаңтар, 13:05

Оқиға 6 қаңтар күні кешкі сағат жетілер шамасында орын алған. Куәгерлер Өскемен қаласындағы Ертіс көпірінің таянышынан ұшып өтіп, төменге секіруге тырыспақ болған ер адамды байқап, дереу " 102 " жедел қызметіне хабарласқан. Хабарлама алғаннан кейін тәртіп сақшылары мен құтқару қызметі оқиға орын келіп жетті.
Жас жігіт көпірден секірмек болуға тырыспақ болып жарты сағат бойы көпті әуреге салады. Құтқару операциясы кең ауқымды болды, барлық шұғыл қызметтер қосылды.
Нәтижесінде жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында құтқару операциясы сәтті өтті. Көпірден секірмек болған жігітті артынан байқатпастан келіп, дер кезінде ұстап қалып, аман қалуына септігін тигізген полицейлердің есімдері: Мирас Набиев пен Серік Нұриханов.
22 жастағы жас жігіттің мұндай қадамға баруына не итермелегенін енді құзырлы қызметтер анықтайтын болады.