Қазақстан полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

14 наурыз, 17:15

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді.

Кеңесте ведомство басшысы басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын атап өтті. Құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, полиция мен Ұлттық ұланның жаяу жасақтары көбейтілді, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзету күшейтілді.

"Барлық деңгейде ІІМ қызметтері мен бөлімшелерін Денсаулық сақтау органдарымен жедел және нақты үйлестіруді қамтамасыз ету қажет. Полиция қызметкерлері, құтқару қызметі және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қазірдің өзінде карантиндік іс-шаралар кезінде медициналық қызметтерге толық және жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл ретте коронавирустық жағдайы қолайсыз елдерден келген азаматтарды медициналық мекемелерге алып жүруді жүзеге асыруда, – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.