Оқиға жергілікті және өзбекстандық студенттер арасында Шымкенттегі жоғары оқу орындардың бірінде орын алған.
"Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде екі студент арасында туындаған жанжал жайты бойынша полиция қызметкерлерімен тексеру жүргізілді. Жанжал тұрмыстық негізде болғаны анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды" делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.